3.07.2019, 12:34
Оқылды: 181

Теректілік егіздер Ташкентте топ жарды

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында халықаралық «Toshkenthi sevamiz» атты өнер байқауы өтті.

terekti (1) 

Халықаралық додада ел намысын теректілік Сұлтан және Бейбарыс Ғарифуллиевтер қорғап, І орынды жеңіп алды. Ән додасына Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және еліміздің өзге қалаларынан жас таланттар қатысқан. Дегенмен теректілік егіздердің бағы жанып, байқаудың жеңімпаздары атанды.

-Қарсыластар өте мықты болды. Әсіресе, Ресей Федерациясынан келген үміткерлердің дайындықтары өте жақсы. Бірақ біздер де байқауға жеңеміз деп бардық. Сол мақсат орындалды. Бізді қолдаған, егіздердің жол шығынын түгелдей көтерген кәсіпкер Сержан Идиятовқа алғысымыз шексіз,-дейді талантты егіздердің әкесі Замир Қабиев.

terekti (2)

Екі күнге созылған өнер додасының алғашқы турында егіздер итальян тілінде ән шырқаса, екінші кезеңде «Батырлар ұраны» әнін орындап, қазылар алқасын таң қалдырды.

Байқауды ұйымдастырушылар демеуші болған кәсіпкер Сержан Идиятовқа, байқауға дайындаған әнші, ұстаз Таңат Жексенбаевқа және аудандық №2 саз мектебінің директоры Айдана Дәулетоваға алғыс хат жолдаған.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале