24.05.2018, 17:37
Оқылды: 69

Теректілік еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

IMG_2473ХХ ғасырдың 90-жылдарына дейін алтын дәннен тау тұрғызған, Отанға жылма-жыл тонналаған астық жөнелткен «Еңбек» астық кеңшарының еңбеккерлері – бұл күнде ардақты ардагерлер. Жақында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов бір топ ардагерлермен кездескен еді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болған «Ұмытпаймыз сіздерді» атты шарада ерен еңбек майталмандарына арналып ашылған тақтаның лентасын Алтай Серғазыұлы мен 1965-1985 жылдар аралығында кеңшарды басқарған марқұм Ануар Ишбердинның зайыбы Зоя Ишбердина қиды.

Содан соң ардагерлерге алғыс хаттар табысталды. Сөз алғандар игі шара үшін ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Шара Ақжайық ауылдық Мәдениет үйі көркемөнерпаздары дайындаған концертке ұласты. «Атамекен» кафесінде қонақтарға арналып дастархан жайылды.

Мұхамбет Мерғалиев

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале