2.04.2020, 14:32
Оқылды: 98

Теректілік кәсіпкер жағдайы төмен отбасыға жәрдемдесті

Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары IV тоқсанның сабағын енді қашықтан оқитын болды. Олар «Balapan» (қазақ тілінде) мен «Еларна» (орыс тілінде)  теларнасынан білім алмақ.

8B66EBBB-E8AC-46E6-B357-C52FA249BCA7

Шәкірттердің қашықтан оқуларына байланысты тұрғындардың жағдайын білдік. Екі жағдайы төмен отбасының үйінде аталмыш теларналарға қосылуға мүмкіндік болмай шықты. Осыны естіген жеке кәсіпкер, «Алтын дала» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Мәдиев «Отау ТV» құрылғысын алып беріп, жәрдемдесті.

Енді қос жанұяның балалары еш алаңсыз сабақтарын оқи алады,– дейді Новопавлов ауылының әкімі Қайрат Жұмақаев.

 Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале