29.08.2017, 16:05
Оқылды: 29

Теректілік кәсіпкерлер «Мектепке жол» акциясына белсенді қатысуда

2Мектепке жол» акциясы Теректі ауданында да өтуде.


Мәселен, «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» қоғамдық-саяси газеті ұжымы 15 мың теңгеге көмек көрсетсе, БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық Пробация және Теректі АІІб-нің ЖПҚ УПИ қызметкерлері бірлесіп, Федоров ауылының көп балалы отбасыларына шағын көмек көрсету қайырымдылық қорын ұйымдастырды.

Сонымен бірге, Восход орта мектебінде «Мектепке жол» акциясына үлес қосу шаралары жоғары деңгейде өтуде. Бүгінгі таңда барлығы 12 оқушыға көрсетілген көмек сомасы  39511 теңгені  құрады. Мектеп ұжымының Сағындық Әмірғалиев , Мерхат Жұмашев, Мейрам  Ахатов және Қатима Қуанова, Сырымбет Қазакеш сынды кәсіпкерлерге айтар алғыстары шексіз.

Магистральный орта мектебінде оқитын аз қамтылған балаларға «Такси CITY» ЖШС 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетсе, Федор Зражевский, Надежда Мефтухутдинова сынды кәсіпкерлер де сауапты іс жасаудан құр қалмады.

Теректі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымы да акцияға үлес қосып, жалғыз өзі ұл өсіріп отырған әріптестеріне көмек қолын созды.

Акция жалғасуда.

Әділет Зере

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале