2.06.2020, 17:22
Оқылды: 61

Теректілік шәкірттер халықаралық байқаудан жүлде алды

Биыл «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен XVI халықаралық «Ғылым әлемін ашамыз» байқауы қашықтан онлайн режимде өтті.

3430A996-1AE8-437A-BA7F-6F6A11555625

Ғарыштық технологиялар, астрофизика және модельдеу, космос және жер туралы ғылым саласындағы қолданбалы зерттеулерге оқушылардың ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған білім додасында республикамыздың түкпір-түкпірінен 143 жас зерттеуші 109 жұмыстарын ұсынып, тікелей эфир арқылы қорғаған.

Сайысқа ауданымыздың атынан балалар шығармашылық үйінің "Технополис" үйірмесінің мүшелері,  Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің 10,11-сынып оқушылары Дәулет Сұлтанғалиев пен Даниял Сағын қатысып, «СКАЙЛЭБ» көп мақсатты ғарыш зертханасы жобасымен ІІІ орын тұғырынан көрінді.

Былтыр да жобалары сәтті шыққан оқушылардың жетекшісі Медет Бисекенов шәкірттерінің жүлдеге ие болатынына сенімді болыпты.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале