16.07.2020, 15:03
Оқылды: 98

Теректілік шаруа аудан медицинасына тарту жасады

Елімізді әбігерге салған дерт Теректі ауданын да айналып өтпеді. Ақ халатты абзал жандар күн-түн демей аурумен күресіп бағуда. Алайда дәрі жетіспеушілігі, қажетті аппараттардың болмауы көрініс беріп жатыр.

E9A709B6-AC8B-45CC-8057-CBC0026F34FC

Қазақ қиындықпен күрескен бауырын жалғыз қалдырмаған. Қоғамда көңілі кең, қолы ашық азаматтар жеткілікті. Сондай жомарт жанның бірі - "Жұмағалиев" шаруа қожалығының басшысы  Тілек Жұмағалиев Теректі аудандық орталық ауруханасына оттегі концентраторын сыйлап, дертпен күрескен дәрігерлер мен аудан тұрғындарына сый жасады. Аппаратты ауруханаға оның ұлы Талғат табыстады.

1997 жылы Приречный ауылдық округі аумағында құрылған  "Жұмағалиев" шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын қатар дамытып келе жатыр. Биыл 3081 га жерге егін еккен. Қожалықта 311 мал бар.

Қазіргі күні ең қажет аппаратты қабылдап алған аурухана директорының орынбасары Людмила Воронина теректілік шаруаға алғыс білдірді.

-Қазір титімдей көмектің өзі еңсемізді тіктеуге сеп болады. Бір аппарат ондаған адамның өмірін аман алып қалуға көмектеседі. Теректілік шаруаның ауруханаға жасаған көмегі - халықтың қамы үшін деп баға беруіміз керек. Осындай азаматтардың арқасында біз бұл қиындықты да еңсереміз,-деді аурухана директорының орынбасары.

Әділет Әлібек,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале