6.02.2018, 17:22
Оқылды: 20

Теректілік шаруалар 122 мың гектарға егін екен

Теректі ауданында аграрлық сектордың дамуы байқалады. Ауданда 578 ауыл шаруашылық құрылым бар. Ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының 14 пайызы осы салада еңбек етеді. Бұл жайлы Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыпов халық алдындағы есебінде айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысуда.


 

Былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 16 млрд. 989,5 млн. теңге болған. Төленген субсидия көлемі – 556 млн. 957,3 мың теңге.

- Егістік жерді ұлғайту, жаңа агротехникалық әдістер қолдануды қолға алған шаруалардың еңбегі өткен жылы жемісті болды. Ауа райының қолайлы болуы да жақсы өнім алуға мүмкіндік берді,-дейді аудан әкімі.

78 шаруашылық 122,7 мың гектар алқапқа егіс салған. Күздікке бөлінген 13,0 мың гектарға толықтай дән себілген.

- Жалпы, 72 мың 175 гектар егіс көлемінен 75 мың 150 тонна дәнді дақылдар, 13,8 мың тонна майлы дақылдар, 11,4 мың тонна көкөніс, картоп және бақша өнімдері жиналды. 50,6 мың гектар жерден 121 мың тонна мал азығы жиналды. Алынған өнімді сапалы сақтау да назарда. Жалпы 800 тонна картоп қоймаға салынды,-дейді Кәрім Жақыпов.

zhaikpress.kz

сурет: Айбатыр Нұраш

WhatsApp Image 2018-02-06 at 16.45.14

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале