3.10.2019, 17:29
Оқылды: 67

Теректілік тілшілер мәдениет қызметкерлерімен кездесті

Аудандық басылым мәдениет саласындағы жаңалықтардың хабаршысы десек, қателеспейміз. Таланттарымыз топ жарса, яки аудан көлеміндегі барлық дерлік мәдени шаралар газет бетінен орын алып тұрады.

 IMG_0250

Осы орайда Теректі аудандық мәдениет үйінде «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газеті ұжымы мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.

Газет редакторы Нұрзия Сисенбаева газет тарихын айтып, басылым аудан өмірімен тығыз байланыста өрбіп жатқандығын атап өтті.
Журналист Аягөз Айтқалиева газет бетіндегі жарияланған сыни мақалаларды тізбелеп, одан шыққан қорытындыларды да қоса айтты. Мәдениет қызметкерлері де өзара диалогқа дайын боп шықты. Олар аудандық газет көше тазалығының, жарықтандыру мәселелерінің олқы тұстарын көтерсе екен деген пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар азық-түлік бір дүкенде түрлі бағамен халыққа ұсынылатынын жеткізіп, осы жайтты журналистер сүзгіден өткізсе дейді.

IMG_0257

Газет ұжымы мәдениет қызметкерлерінің базыналарын қағазға түртіп алса, олар өз кезегінде басылымды қолдауға дайын екендіктерін айтты.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале