30.03.2020, 15:14
Оқылды: 152

Теректілік ұстаздар бетперде тігіп, тегін таратуда

Қазіргі таңда әлемді жайлаған коронавирус індетіне әркім қолынан келгенше қарсы тұруда. Осы орайда Госплемстанция мектебі ұстаздарының бетперде тігіп, оны тегін таратуы айтуға тұрарлық үлес.

4770021E-93AD-4638-9F5A-7863293AB4E1

– Әр тұрғын бетпердеден тапшылық көрмесін, аз да болса жәрдем болсын деген оймен осы істі қолға алуды құп көрдік. Жалпы, мектебімізде 28 ұстаз бар. Олардың бірі матасын алып, бірі үйіндегі іс машинасымен тігіп жатыр. Кеше ғана 100 данасын тігіп, көпбалалы отбасыға және Юбилейный ауылының жасы үлкендеріне тегін тараттық. Енді бірқатар демеушілер мата алып береміз деп отыр. Мата келсе, тағы да тігуді жалғастырамыз.

Аты жаман індет жойылып, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, –дейді Госплемстанция мектебінің директоры Гүлдариға Амандықова.

025D6F55-3334-42D5-80F1-B6B8419EF5DE

Айта кетейік,  аталмыш білім ордасының ұжымы - ісмерлікпен шұғылданып, қолөнер бұйымдарын да жасап, жарқын істерді жүзеге асырып жүрген мектептердің бірі.

 Самал Жамет

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале