27.05.2020, 6:16
Оқылды: 71

Теректілік Ырысбек «Дарынды дарабоздар» энциклопедиясына енді

Таяуда Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің "Жас авиатор" үйірмесінің мүшесі Ырысбек Сапарғали білімге деген құштарлығы мен ізденімпаздығы, спорт, өнер, қоғамдық шаралардағы белсенділігі үшін республикалық "Дарынды дарабоздар" энциклопедиялық жобасының дипломымен марапатталды.  

6BD4C63A-C423-4024-81F9-A46E3613E088

Дарындылар жайында сыр шертетін энциклопедияда Ырысбектің Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, сынып белсендісі, авиамодель спортынан спорт шеберлігіне үміткер екендігі жазылған. Қатарластары үлгі тұтатын Ырысбектің сүйіп оқитын пәні – қазақ тілі мен әдебиеті. Халықаралық, облыстық, аудандық сайыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Былтыр Ресейде өткен авиамодель спортының кубогында ІІІ орынды қанжығасына байлады. Аталмыш спорт түрінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған облыстық сайыста және облыстық ашық чемпионатта І орынды иеленген. «Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациядан облыстық сайыста ІІ орын иегері. Аудандық «Smart оқушы – 2019» байқауының жүлдегері.

0983DD20-D8F8-4B10-B98D-415F4771308E

Энциклопедияға енген алғыр жерлесіміздің жетекшісі -  Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің көркем еңбек, графика және жобалау пәндерінің мұғалімі, Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогі Жанболат Ешов.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале