27.01.2020, 18:57
Оқылды: 158

Теректілік жас қоян өсіруде

Қазір Үкімет тарапынан берілетін қолдауды сезініп, нақты кәсіппен айналысып жатқан теректілік жастардың ісі көпке үлгі.

terekti (1)

Теректі ауданының Ақсуат ауылдық округіне қарасты Әйтиев ауылының тұрғыны Дәурен Жасұланұлы сондай жігерлі, әрі еңбекқор жандардың бірі. Ол Орал агроколледжін «кәсіптік білім беру механик педагогы» мамандығы бойынша бітірген. Осы кезге дейін Ақсай қаласында  вахталық әдіспен жұмыс жасап, нәпақасын тауып келген.

Қазіргі күні мемлекеттік бағдарлама негізінде кәсібін ашуды қолға алып, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 505 мың теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізіпті. Оның өзгелерден ерекшелігі қаржыға 166 үй қоянын сатып алып, оны көбейтуге ден қоюы.

 Қазір Дәурен құрған «Гүлім» шаруа қожалығы қызу жұмыс үстінде.

 

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале