27.01.2020, 17:53
Оқылды: 100

Теректілік жастар ардагер ұстазға көмек көрсетті

Қыстай  жауған қалың қар жолды басып, ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қиындық туғызуда.

ankaty kar1

Әсіресе, ауылда қолының қаруы кеткен қариялар үшін қар аршу – үлкен шаруа. Осындайда көмек қолын созу теректілік  жастардың жылдағы ісі.  Сол үрдісті ұстанған жастар Теректі ауданы, Аңқаты ауылы мектебінің  қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Жанболат Қартмағанбетовтың бастамасымен  ардагер ұстаз Жібек Бүркітованың үйіне барып, аяқ жолын қардан аршыды. Бұл тұста да қарияның оқушыларға айтар алғысы зор болды.

ankaty kar

 

 Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале