30.09.2019, 10:18
Оқылды: 72

Теректілік журналистер ардагерлерге құрмет көрсетті

Қазан айының бірінші күні әлем қарттар мерекесін атап өтеді. Бұл мереке елімізде де тойланады. Аталмыш мереке қарсаңында Теректі аудандық «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» қоғамдық-саяси газеті ұжымы аудандағы бірқатар ардагермен кездесіп, құрмет көрсетті.

terekti

Қазақы дастархан басында газет редакторы Нұрзия Сисенбаева қоғамдағы ардагерлердің рөлі жайлы сөз қозғап, газет бетінде қандай тақырыпта мақалалар көргісі келетіндігі туралы ардагерлердің пікірін сұрады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев, ауданның құрметті азаматы Сағидолла Бисенғалиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ғұсман Қатабайұлы, ауданға сыйлы ардагер Мұсағали Төлегенов, өмірлерінің біраз жылын аудандық басылымға арнаған Людмила Мурашкинцева, Генадий Креймер, Болат Жұмаев сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді. Ардагерлердің дені газет аудан тарихына көбірек көңіл бөлсе екен дейді. Теректінің қалыптасуына үлес қосқан қарапайым жұмысшылардың есімдерін халық білуі тиіс деген ой қозғады. Жастардың телефонмен дос болып, қоғамнан тысқары қалып бара жатқандығы да сөз болды.

Газет ұжымы ардагерлердің ақыл-кеңесін тыңдап, жұмыс барысында қолданатындарын жеткізді.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале