1.12.2016, 11:40
Оқылды: 45

Теректіліктер «Елбасы жолы» туындысын тамашалады

screenshot_2016-12-02-08-10-01-1«Балалық шағымның аспаны» фильмінің жалғасы болып 2011 жылы көрерменге жол тартқан «Елбасы жолы» киноэпопеясын теректіліктер асқан қызығушылықпен тамашалады. Мереке күні Достық үйінде бас қосқан аудан тұрғындары тағылымы мол туындыға тамсанғандарын жасырмады.


Киноэпопеяда Елбасының студенттік жылдары және болашақ қазақстандық өнеркәсіптің қалыптасуы кезеңдерінде басынан өткен оқиғалардың тұлғалық қасиеттеріне әсер етуі баяндалады.

Фильмнің сюжеті бойынша, басты рөлдегі бозбала Сұлтан туған ауылынан республикалық құрылыс жүріп жатқан Теміртау қаласына аттанады, ал сол жақтан Украинаның Днепродзержинск қаласына оқуға кетеді. Ол жерде достар тауып, жолында кездескен мұғалімдерден өмірлік сабақ алады. Оқуы біткен соң, Сұлтан туған жеріне оралып, ептілігі мен көшбасшылық қасиетінің арқасында Орталық Азиядағы ірі металлургиялық комбинаттың басшылығына дейін көтеріледі.

screenshot_2016-12-02-08-08-08-1Киноэпопеяның режисері Рүстем Әбдрашов болса, сценарий авторы танымал қазақ драматургі Шахимерден Құсайынов екен.
Ал басты рөлді Нұрлан Әлімжан сомдайды. Оның Елбасы бейнесін айнытпай беруін нағыз шеберлік деуге болатындай.

Фильмде Нұржұман Ықтымбаев, Бақытжан Әлпейісов, Жан Байжанбаев, Дәурен Серғазин, Төлепберген Байсақалов, Мадина Есманова, Ержан Түсіпов және ресейлік Валентин Гафт, Виктор Сухоруков, Сергей Шакуров, Наталия Аринбасарова, Мария Голубкина және Дарья Александрова секілді белді киноәртістер бой көрсетеді.
Фильмнен алған әсерлерін бөлісуге асыққандардың қатарында №1 ФЖОББМ-нің мұғалімі Зарина Серікқызы да бар.
-Мерекелік көңіл-күй өте тамаша. «Елбасы жолы» киноэпопеясы жасқа да, үлкенге де бірдей қызықты, берері мол туындылардың көш басында деп сеніммен айта аламын. Оған бүгін өзім көз жеткіздім. Алған әсерімді құр сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Фильмді тамашалап отырып Елбасыма деген құрметім одан әрі арта түсті. Әртістердің ойындары да ғажап. Көрерменді сендіре алды. Бұның өзі жеңіс деуге болады, - дейді қуанышты көңіл-күйін жасыра алмаған ұстаз.

Әділет Әлібекұлы

Теректі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале