29.08.2017, 9:58
Оқылды: 76

Теректіліктер Оралда өнер көрсетті

теректі  «Туған жер» ауданаралық өнер фестивалі аясында Теректі ауданының өнерпаздары Орал төрін сазға бөледі.

  Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының алаңына қолөнер бұйымдарын жарқыратып тізген теректіліктер алаңда ұлттық ойындар да ұйымдастырды. Тоғызқұмалақ, асық  маңында шоғырласқан халық көп болды.


  Амфитеатрға лық тола жиналған көрермендерге аудандағы №3 саз мектебінің  оркестрі Түркештің «Көңілашарынан» бастап, күй шашуын шашты.

  Әрі қарай Гүлназ Құсайынова, Қайрат Сағидуллин, Айдана Әжіғалиева, Торғын Табылдиева, Таңат Жексенбаев, Елжас Мағзом, Айбек Дәулетқалиев, Виктория Нұралиева сияқты ауданның жезтаңдай әншілері шырқаған кешті «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі, «Шаттық» би тобы әсем қимыл, желдіртпе әуенмен қыздыра жөнелді. Г.Құсайынованың қос шығармашылық тобы - «Шежіре» әжелер ансамблі мен жас буын - «Өркен» тобы сахнада көрсеткен өнеріне жүздеген адам жиналған амфитеатр дүркірете қол соқты.

   Кеш соңы «Теректі толқыны» әнімен тәмамдалды.

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале