7.08.2017, 11:26
Оқылды: 21

Теректіліктер «Таза жағалау» акциясына үн қосты

 

БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болған «Таза жағалау» акциясына теректіліктер де үн қосты.


Акция мақсаты – өзен мен көлдер, бөгет-тоғандардың жағалауына тазарту жұмыстарын жүргізу. Аталған жұмысты атқаруда аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері белсенділік танытты. Әсіресе, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығы және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін атап өткен жөн.

Тазарту жұмыстары халық арасында «Жаңа тоған» және «Ескі тоған» аталып кеткен аумақтарда жүргізілді.

Әділет ЗЕРЕ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале