20.08.2019, 13:01
Оқылды: 106

Теректіліктер теологпен кездесті

Теректі ауданы Подстепный ауылында Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, PHD доктор Нұржан Жақсылықұлымен кездесу өтті.

IMG_0006

Кездесуге округ әкімдері, мектеп директорлары мен дінтану пәнінің мұғалімдері, аудан тұрғындары қатысты.

 Теолог Нұржан Стамбакиев ауыл тұрғындарына "Дәстүрлі емес діни бағыттардың қатері және одан сақтау жолдары" тақырыбында
сөйледі.

 -Дін дәстүрлі және дәстүрлі емес деп бөлінеді. Дәстүрлі дін - бірнеше ғасыр бойы қалыптасқан дәстүрі, әдет-ғұрпы, қоғамық қатынас нормалары мен отбасылық қарым-қатынасы және белгілі бір ұлттың дәстүрлі өмір сүру формасы мен мәдени құндылықтарын жоққа шығармай, өз ілімі тұрғысынан қабылдап, оған қарсы келмей ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыратын ерекше құбылыс. Ал дәстүрлі емес діни қозғалыстар-қоғамда тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан құндылықтарды, салт-дәстүрді танымайтын, оны жоққа шығаратын негізгі діндерден бөлініп шыққан діни ағым. Әлемде жүз алпыс миллионнан астам адам өзін осы діни қозғалыстардың мүшесіміз деп санайды. Дәстүрлі емес жаңа діни қозғалыстар туралы ғылымда қалыптасқан ортақ бір атауы жоқ, діни-танымдық журналдарда, газеттер мен басқада бұқаралық ақпарат құралдарында және дінтанушы ғалымдардың еңбектерінде: «тоталитарлық секталар», «іріткі салушы топтар», «дәстүрлі емес діни ғұрыптар», «жаңа діни қозғалыстар» деген түрлі тіркестермен беріліп жүр. Қазіргі қоғамда бұл құбылысты «діни секта» деген жалпылама атау берілуде.

IMG_0017

 Дінімізді қаз қалпында кейінгі ұрпаққа жеткізу, біздің - жауапкершілігіміз. Ислам діні - жақсылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, шақырады. Ата-анаға, елге, ұстазға құрмет көрсетіп, қоғам алдындағы жауапкершілік болу керек. Діннің қайнар көзі - құран және сүннет, - деді теолог Нұржан Жақсылықұлы.

Жиналыс соңында дінтану пәні бойынша және басқа да сауалдар қойылды. Жиналыстың модераторы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Үміткер Жұмакелдіұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале