25.09.2019, 12:39
Оқылды: 71

Теректіліктер теологпен кездесті

Теректі ауданына республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері ҚР Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков пен Ақтөбе облысының «Ас- Салам» мешітінің бас имамы Мәди Орынбай, облыстық дін мәселелері зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы келді.

IMG_0332

Подстепный қазақ мектебінде теолог маман Мәди Орынбайұлы дінтану пәнінің мұғалімдеріне қазіргі қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді.

- Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында сіздер секілді тұрғындармен кездесулер өткіземіз. Біз осы елдің азаматы болған соң кейінгі өскелең ұрпаққа дұрыс жол көрсетіп, мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосамыз,-деді Мәди Орынбаев.

IMG_0335

«Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков Теректі колледжінде студенттермен кездесіп, шәкірттерге діни сауаттылық арттыру мақсатында ақпараттар беріп, сұрақтарына жауап берді.

Теологтар мәдениет және құқық қорғау органының қызметкерлерімен де кездесті. Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдағы діни ахуал жайында кеңінен ақпарат берді.

Үміткер Жұмакелдіұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале