8-707-808-48-55
27.08.2018, 13:09
Оқылды: 65
Теректіліктер жәрмеңке ұйымдастырды

Теректі ауданды әкімдігі пен ауыл шаруашылығы бөлімі бастамасымен Подстепный ауылдық округі мен Орал қаласындағы М.Ихсанов көшесінде жәрмеңке ұйымдастырылды.

zharmenke (4)

            Теректілік шикізат өндіруішілердің табиғи өнімдерінің құны нарықтың бағасымен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, 1 келі картоп 60-65 тг, қияр 50-60 тг, қызанақ 50-70 тг, орамжапырақ 60-80 тг, сәбіз 80-100 тг, баклажан 60-100 тг, пияз 65-80 тг, қызылша 60-80 тг, бұрыш 90-110 тг, қарбыз 50-65 тг, қауын 80-100 тг,  алма 150-250 теңгеден сатылды.

Аталмыш жәрмеңкенің өтуіне атсалысып, өз өнімдерін ұсынған шаруақожалықтар қатарында «Ким», «Элла» (Федоров), «Гутарев» (Ұзынкөл), «Хасанов», В.Степанов есімді азамат (Покатилов), «Ажкеев» (Ақсоғым), «Литвинова» (Ақсуат), «Миронов», «Дмитрий», «Солодовников», «Камаров», «Кулько», «Жайна» ЖШС, «Амангалиев», «WestKazAgro» (Шаған) болды.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

Пікір қалдыру