5.09.2019, 12:07
Оқылды: 104

Тіл фестивалінде үздіктер марапатталды

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда «Тіл – татулықтың нышаны» атты жалпы халықтық тіл фестивалі ұйымдастырылды.

IMG_5177

«Қазақстан Республикасының Халқының тілдер күні мерекесімен» аудан тұрғындарымен құттықтау үшін және тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.

IMG_5178

Кәсіпкерлер арасындағы көрнекі ақпараттар арасында «Үздік жарнама-жаршысы» номинациясы бойынша «Аққу» сауда дүкенінің кәсіпкер иесі Гүлфия Нигметова, «Үздік тауар жарнамалаушысы» номинациясымен «Мәкка» сауда-саттық дүкенінің иесі Наурызғали Оспан марапатталды.

«Ең үздік іс жүргізуші қызметкері» номинациясымен аудандық ветеринария бөлімінің іс жүргізушісі Назым Төлегулова, «Ең үздік құжаттамашы» номинациясымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің іс жүргізушісі Зерхан Қыдыралина, «Ең үздік іс жүргізуші мекемесі» номинациясымен аудандық білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі марапатталды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале