26.01.2017, 19:16
Оқылды: 59

Тіл маманы болу оңай ма?

Saken til mamani  Теректі ауданындағы Подстепный қазақ орта мектебінде «Адам және мамандық» тақырыбында шара өтті. Оған тіл мамандары қатысып, білім ұясының жоғары сынып оқуышыларына өз кәсіптерінің қыр-сыры туралы баяндады.


      Шараны ашқан аталмыш мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меңсұлу Искалиева бұл кештің мақсаты оқушылардың мамандық таңдауына жол сілтеу, тілші мамандықтары туралы кеңірек мағлұмат беру, сол арқылы балалардың бойында отансүйгіштік, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерді дамыту екенін айтты.

  Кеш барысында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Әбділманов, осы ЖОО-ның тағы бір ғалымы Гүлнар Ғұмарова, «Қазақстан-Орал» телеарнасының тілшісі, ақын Мұнайдар Балмолда, облыстық «Орал өңірі» газетінің бөлім редакторы Сәкен Әбілхалықов, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің оқытушысы Арай Төлеутаева өз ойларын ортаға салды.

    Шара соңы оқушылардың шағын концертіне ұласты.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале