17.10.2017, 15:31
Оқылды: 20

Тоғыз жәнібектік әскери борышын өтеуге аттанды

zhanibekЖәнібек ауданында күзгі әскерге шақыру шарасы жүргізілуде. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы Данияр Қайсағалиевтің бізге берген мәліметінше, биыл күзгі шақырту кезінде аудан бойынша 120-ға  жуық азамат әскерге шақырылып отыр.

Содан күні бүгінге келгені 80-ге жуық азамат болса, 40-қа жуық әскерге шақырылушы әлі күнге дейін келмеген. Бөлім бастығы міндетін уақытша атқарушының айтуынша, әскерге шақырылушылардың ішінде 10 шақтысы әскерге уақытша жарамсыз болса,  35-тей шақырылушы кейінге қалдырылған, соның ішінде 30-дайы оқу орындарында білімін жалғастыруда.  Ал 2 шақырылушы отбасы жағдайына, екеуі ауылдық жерлерде мұғалім болып қызмет істейтіндіктен босатылған. Бұлардың арасында дәстүрлі емес дін ұстаушылар жоқ. Әскерге барудан мүлдем бас тартушылар жоқ.

Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша күні бүгін ауданнан ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің қатарына 9 азамат әскери борышын өтеуге аттанды. Енді көп ұзамай әскерге шақырушылар ҚР қорғаныс министрлігі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге жіберіледі деп күтілуде.

Н.Жапақов

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале