22.01.2021, 12:34
Оқылды: 30

Төрт автотұрақ салынады

Жәнібек ауылының әкімі Абзал Қаратаев онлайн форматта, яғни Facebook парақшасы арқылы бір жыл бойы атқарылған жұмыстары жөнінде тұрғындар алдында есеп берді. Есептік кездесуге аудан әкімі Азамат Сафималиев қатысып, ауыл әкімінің баяндамасын тыңдады.

92AA5481-52BC-4348-846D-1AB532C93A8E

Абзал Бақытұлының айтуынша, аудан орталығында көптеген істер атқарылған. Мәселен, аудан орталығында балалар мен «Асық ату» алаңдары салынып, қыс уақытында «Асық ату» алаңында балаларға арналған сырғанау төбешігі қойылған. Сонымен қатар ауыл әкімі биылғы жылдың жоспарларын атап өтті. Дәлірек айтсақ, Х.Чурин атындағы көшеде екі, А.Иманов және Т.Әбдірахманов көшелерінде автотұрақ салынады. М.Ықсанов пен М.Өтемісов атындағы көшелер қиылысында көлемі екі мың шаршы метрді құрайтын «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы, үш көшенің жаяу жүргіншілер жолының салынуы, аудан орталығындағы төрт (Қ.Мусин, А.Байтұрсынов, М.Өтемісов, Р.Егізбаев) көшеге асфальт төсеу жұмыстары көзделуде. Ауыл әкімінің баяндамасынан кейін аудан басшысы өткен жылдың атқарылған жұмыстарына тоқталып, келешекке жоспарланған жобаларды алға тартты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале