24.06.2019, 18:54
Оқылды: 194

Торыатбас баурайындағы фестиваль

Шыңғырлау ауданы Торыатбас тауының баурайында «Ұлы дала құндылықтары» облыстық іс-шарасы аясында «Қазақ даласының ұлы мәдениеті» атты фестиваль өтті.

IMG_6544

Екі күн өткен шараның басты мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын іске асыру. Аталмыш шараға төрт аудан және Орал қаласының тұрғындары қатысты.

IMG_6738

Фестиваль бірнеше жарыстан тұрды. Тігілген киіз үйге баға берілсе, өолөнер шеберлері көрме ұсынды. Ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, өнерлерін ортаға салды.

Шараның екінші асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу, көкпар тарту, аударыспақ, тау туризмі сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыс жалғасты.

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

IMG_6812 IMG_7045 IMG_7320 IMG_7433 IMG_7452

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале