6.03.2018, 12:42
Оқылды: 24

Төтенше жағдайға 13 жасақ дайын

 

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда «Көктем – 2018» командалық-штабтық оқу жаттығуы өтті. Шұғыл әрекет ету жасақтарының күштік және материалдық дайындығымен Сырым ауданының азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары Ерболат Ахметов танысты.

Сырым ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі маманы Серікбол Тәжібаевтың айтуынша, көктемгі су тасқыны кезеңі жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға аудан бойынша 13 шұғыл әрекет ету жасағы жұмылдыруға дайын. Жасақтардың жалпы қызметі  мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын ұстап тұру, авариялық-құтқару қызметтерінің құрылымдары мен техникалардың жағдайларға әрекет етуге дайындық деңгейі туралы ауданның азаматтық қорғаныс бастығының орынбасарына №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Ғалиев баяндады.  Оқу-жаттығу шарасы күн бойына жалғасады.

Ауданның көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы мәселе Сырым ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысында ауданның көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Ғабит Ығылманов хабарлама жасады.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале