18.09.2018, 11:35
Оқылды: 64

Трекин және Достық ауылдарында жаңа мектептер салынбақ

Зеленов ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин баяндама жасап, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

 dariyan mektep (3)

- 2018-2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аудандық білім жүйесінде 8 мемлекеттік балабақша, 46 күндізгі және бір кешкі мектеп бар. Сондай-ақ ауданда 4 қосымша білім беру ұйымы мен 4 жеке балабақша жұмыс жасайды. Жоғарыда аталған мектептердің 13-і мектеп-балабақша кешені, енді бірі Дариян мектеп-гимназия интернаты. Биыл бұл мектептерде 1-11 сыныптарда 8179 оқушы білім алуда. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда 1769 бүлдіршін, жеке балабақшада 256 бала бар, - деді Серік Нәженұлы.

Аудандық білім беру бөлімі басшысының айтуынша, ауданымызда 1541 педагог болса, 2016 жылдан бері олардың 1253-і жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткен. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 50-дей жас маман жұмысқа орналасты.

- Бізде жекелеген білім ордаларына күрделі жөндеу өткізу, жаңа мектептер салу сынды мәселелер бар. Төрт мектепті күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары дайын. Бір елді мекенге келер жылы жаңа мектеп салу жоспарлануда. Сондай-ақ Трекин және Достық елді мекендерінде жаңа білім ошақтарын салу жөнінде аудандық құрылыс бөлімінің басшысына жобалық-сметалық құжаттарды жасауға тапсырма берілді, - деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы.

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Зеленов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале