28.11.2018, 16:42
Оқылды: 63

Трекинде алты қожалық егін шаруашылығымен айналысады

Зеленов ауданы әкімдігінің ақпарат алаңында Трекин ауылдық округі әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму туралы 10 айлық есебі тыңдалды.

 Фото брифинг

Баспасөз алаңында алдымен сөз алған Трекин ауылдық округінің әкімі Сәбит Сатқанов округтің тыныс-тіршілігін баяндады.

Сәбит Өтегенұлының айтуынша, округте 42 агроқұрылым жұмыс жасайды. Оның ішінде 6 шаруа қожалығы егін шаруалығымен, 32 қожалық шөп дайындап, мал өсірумен айналысса, 4 шаруа қожалық көкөніс өндірумен шұғылдананады.

2018 жылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты шаруа қожалықтардың 1 611 гектар жерге арпа, 3 351 гектар жерге бидай және 313 гектарға күнбағыс егіп, жақсы өнім алды. Ал жаздық бидайдан 2 817 бидай, 1037 тонна арпа, 260 тонна күнбағыс жинады.

Округтің қала іргесінде орналасуына байланысты және де жайылымның аздығынан қой басы азайып отыр. Есесіне ірі қара, жылқы, шошқадан өсім бар. 2018 жылы округ бойынша 379 тонна ет, 1917 тонна сүт, 615 мың дана жұмыртқа өндірілді.

Округте шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасалынып, қанатқақты жобалар қолға алынып келеді. Өз істерін ашу үшін 12 адам өтініш жазған. «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мал басын өсірумен және мал бордақылаумен айналысуға да тілек білдірушілер өткен жылмен салыстырғанда көбейген.

Ертай БИМҰХАНОВ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале