11.04.2019, 14:43
Оқылды: 19

Трекинде «Ашық әкімдік» қабылдауы өтті

Бүгін Трекин ауылдық округінде аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов пен мекеме, бөлім басшылары қоғамдық қабылдау жүргізді.

88e589a7-93d8-4fe9-ae88-41f8f50ba92c
Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бағыттарын көздеген «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдауында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов және де бөлім, мекеме басшылары аудан тұрғындары тарапынан жолданған сауалдарға жауап қайтарды.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың көпшілігі баспана, жер телімі, ауыз су мәселелерімен жолықты. «Ашық әкімдікке» келген аудан тұрғындары өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, түсінік жұмыстарына қанықты.

Айта кету керек, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғындардың талап-тілегін жүзеге асыруға арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ертай Бимұханов,
Бәйтерек ауданы
Трекин ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале