17.07.2017, 10:13
Оқылды: 58

Трекиндіктерді не алаңдатады?

Халық пен атқарушы биліктің тікелей байланысы арқылы өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында қолға алынған «Шағым – мемлекеттік қызметші индикаторы» жобасы осы аптада Трекин селолық округінде жалғасты.


Аудан әкімі А.Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, аудан прокуроры З.Саралиев және барлық басқарма, бөлім, мекеме басшылары арнайы қатысқан қоғамдық қабылдауға трекиндіктер тарапынан 30-ға жуық сұрақ түскен.

Әр сала бойынша көкейтесті сұрақтарын жолдаған тұрғындарға басшылар заң аясында түсінік беріп, мәселенің байыбына қанықты. Шараның тиімділігі сол, бірнеше саланың өзара қатысымы арқылы шешілетін сұрақтар сол жерден реттеліп, өтініш білдіруші тарапқа әрі қарай қандай қадамдар жасау керектігі түсіндірілді.

Трекиндік тұрғындар негізінен тұрғын үй салу үшін жер телімінің құжаттарын заңдастыру, түрлі мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу, орын алған дауларды реттеу мәселелерін сөз еткен. Қабылдауға арнайы келіп жеке өзінің ғана емес, ауылдың қоғамдық мәселелерін айтып, тиімді шешілуіне ынтымақтастық танытқандар да бар.

«Ауыл тынысы»,

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале