18.10.2018, 16:38
Оқылды: 49

«Туған жер» этно-мәдени жобасы Бөрлі ауданында

«Жайық Пресс» медиахолдингінің «Туған жер» этно- мәдени жобасы Бөрлі ауданындағы сапарын Жолбарыс батырдың кесенесіне зиярат етуден бастады.

ЖП-1

Аудандық мешіттің бас имамы Қанат Жакенов батыр рухына бағыштап дұға оқыды. Кесене басына қонақтар легін Жолбарыс батырдың төртінші ұрпағы Жолдығали Батырханов пен қызы Балкүміс Жолдығалиқызы ертіп барып, батыр туралы айтты.

         Бала кезінен өзінің батыр бабасы Жолбарыс батыр туралы түрлі әңгімелерді естіп өскен қария батыр жөнінде толық мәлімет жинауды мақсат етіп келеді.

         -Ол кісінің талай мәрте елін, жерін сырт көзден, барымташылардан қорғап қалғандығы, көзсіз батырлығы, аруақтылығы, қайраттылығы туралы ел ішінде аңыз-әңгіме өте көп. Батыр туралы 1991 жылдан бастап аудандық, облыстық және республикалық басылым беттерінде мақалалар жарияланған. Бала кездегі «бабам туралы білсем» деген арманымнан осы кезге дейін қол үзген жоқпын.

         Ізденісімді тоқтатқан емеспін. Қайтсем де бір нәтиже шығару керекпін деген оймен міне, осы күнге қол жеткіздік, - ,- дейді Жолдығали қария.

1H7A5228

         – Жолбарыс Торыұлы туралы мәлімет іздеп Орал мен Орынбордың мұрағаттарында болдық. Ақтөбеге де бардық. Кейін Санкт-Петербург мемлекеттік мұрағатынан қуанышты дерек алдық. Іздегеніміз табылып, балаша қуандым. Ресми түрде, мөр басылған құжат қолыма тиді. Бұл құжаттар Жолбарыс Торыұлы тарихта болған адам екенін растайды.
Қолымда төрт құжат бар. Барлық құжаттарда да Жолбарыс батырдың старшын екені, алған наградалары жазылған. Тынымсыз еңбек арқасында әкеміз бізге үлкен шежірені дәлелдеді. Қазір бізде батыр туралы нақты дерек бар», - деп әке сөзін жалғаған Балкүміс Жолдығалиқызы батырдың киген сауыты барын және оны аудандық музейге тапсырып, кейін жөндеу жұмыстары кезінде қайта алып, Астанадағы музейге тапсырдығын айтты.
Қонақтар бұдан бөлек бірнеше нысанда болып, кездесулер мен іс- шаралар өткізді. Мәселен, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Гүлбаршын Әжігереева Ақсай қаласындағы №4 мектептептің оқырмандарымен жүздесті.

         Жүздесу барысында 101 жылдық тарихи бар басылым тілшісі ұстаздар ұжымының пікіріне құлақ түрді. Ол білім жүйесіндегі ахуалдың қалыпты жалғасуына, мәселелер болса ашып айтуға шақырды

         Жас ұрпаққа білім мен тәрбие нәрін беріп отырған ұстаздардың газетке көзқарасында ризашылық пен сенімнің жоғары тұрғанын аңғару қиын емес еді. Газеттің күн санап көркейіп, халық көңілінен шығатын мақалалармен оқырманның да өресін көтеріп келетінін айта келе мектеп директоры Лаура Маметанова газет көтерген өзекті ойларға тоқталды. Алдағы уақытта «Ата – ана және мектеп» бұрышы деген атаумен айдар ашылса деген ұсынысын білдірді.

ЖП-4

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале