28.07.2017, 18:27
Оқылды: 24

Туған жерге тағзым – жастар назарында

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміз үшін келешекке маңызды міндеттерді жүктеп берген биылғы Жолдауында жаңғыруымыздың жаңа қадамдарын нақтылап көрсетті.

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мемлекет басшысының идеясын қолдап, туған жердің қадыр-қасиетін жастарға ұғындыру мақсатында үш жүзге ән оздырған сал Мұхиттың кіндік қаны тамған Қарақамыс пен Қоржын ауылындағы Құрманғазының ұстазы Ұзақ күйші кесенесінің басында болып, баба рухына тағзым етті.

Сапардың ең алғашқы қадамы Саралжын ауылдық округінгінің жастармен жүздесуден басталды.

Кездесу барысында ауылдық округтегі жастар ахуалы, жұмыссыздық мәселелері, одан шығудың тетіктері кеңінен талқыланды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қор ашу қажеттігі айтылды. Жастар мектеп жанынан әнші баба құрметіне ашылған шағын музейде болып, Мұхит бабамыздың тірісінде өзі қолданған домбырасын, әр жылда қолданыста болған ақша түрлерін, қазақ тұрмысының бір көрінісі киіз үйді, жергілікті ақындардың туындыларымен танысты.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының мамандары түстен кейін Аққозы ауылық округі жастарымен кездесті. Кездесуде орталық басшысы Элдар Ниязбекұлы «100 нақты көмек» жобасы, жұмыссыздық және одан шығудың жолдары, орталықтың атқаратын жұмысы турасында баяндады.

Жастармен кездесуден кейін, Құрманғазы Сағырбайұлы  ұстазы Ұзақ күйшінің кесенесінде болып, күйші рухына Құран бағыштады.

«Туған жер» жобасы - жастарға тарихтан тағлым, өткеннен өнеге алуға септігін тигізетін жоба екендігі айқын. Аталмыш сапар алдағы уақытта ауданның өзге де ауылдық округтерінде жалғасын таппақ.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале