20.06.2017, 11:46
Оқылды: 51

Түлектер ҰБТ тапсыруда

Janibek tylekter YBT tapsiruda    Бүгін Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарындағы жалпы білім беретін орта мектептерді бітірушілер үшін біріктірілген ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы басталды. Оған екі ауданнан барлығы 218 түлек қатысуда.

   Биыл он төртінші мәрте өткізіліп отырған ұлттық бірыңғай тестілеудің ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешов түлектерге лебізін білдірді.


    Жиында, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы комиссиясының төрағасы Бектұрсын Қалиев құттықтау сөз сөйлеп, Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарының мектеп түлектеріне сәттілік тіледі. –Сіздерді алда даңғыл жол күтіп тұр. Мағжан ақын айтпақшы, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қыран құстай қанатты жастар» елімізді жарқын болашаққа жетелейді. Қазақстан әлемдегі дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуы үшін білімді жастар қажет. Сондықтан он бір жыл бойы алған біліміңізді ұлттық бірыңғай тестілеуде толықтай пайдаланып, сыннан сәтті өтіңдер. Қалаған оқу орныңызға түсіп, білімнің биік шыңынан көрініңдер! – деді комиссия төрағасы. Мұнан соң түлектер лек-лекпен аудиторияларға кіріп, тестілеуді бастап кетті.

   Айта кетейік, биыл ҰБТ жаңа форматта өтіп жатыр. Мұнда түлектерге 120 тапсырма берілсе, максималды балл саны 140-ты құрайтын болады.

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале