1.02.2017, 17:25
Оқылды: 24

Түнде үйден шығып кетіп...

Akjayik ysip ketken Ақжайық ауданының Жаңабұлақ ауылдық округінің 1966 жылы туған тұрғыны 26 қаңтарда Чернышев күтірінен кештің бір уағында шығып кетеді. Ол сірә, 6 шақырым жердегі Железнов елді мекеніне барғысы келген. Бірақ, жолдан адасқан сыңайлы.


 «Малшыға көмекші болып жұмыс жасаған бұл азаматты іздеу біраз күн жалғасты. Үсіп кеткен денесін бүгін Железновтан 1,5 шақырым жерден таптық»,-дейді БҚО төтенше жағдайлар департаменті Ақжайық аудандық жедел құтқару жасағының басшысы Марат Қабақаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале