3.12.2019, 15:15
Оқылды: 94

Тұңғыш Президент күні – тұрақтылық мерекесі

Қаратөбе ауданында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған «Ел тірегім – қайратым» атты салтанатты шара өтті. Аудандық мәдени-демалыс орталығында өткен мерекелік шарада алдымен еліміздің гимні орындалды.

– Әлемдік дәрежедегі дамыған елдермен жүргізілген келіссөздер арқасында Қазақстан Республикасы өзгелермен терезесі теңесіп, халықаралық қатынасты нығайта түсті. Елбасы әр сөзінде берекелі бірлігімізді, дархан достығымызды берік сақтауға үндеп келеді. Бүгінгі қол жеткізген әр жетістігімізде Елбасының айшықты қолтаңбасы бар екендігі айқын көрініп тұр. Қалың қазақтан Елбасы сайланып, Тәуелсіз Қазақ Елі қалыптасты, тамыры тереңде жатқан бай тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз бен діліміз қайта оралды.

Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі зор.

Ызғарлы желтоқсанда ел тізгінін ұстаған Ұлт Көшбасшысы – халықтың қолдауы мен демеуі арқылы жаңа, тың бастамаларды жүзеге асырып, Елімізді бүкіләлемге танытып үлгерді. Бұл тұңғыш Елбасының еселі еңбегі мен көрегендігінің жемісі, - деген аудан әкімі Жанат Асантаев елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

qaratobe prez (1)

Мерекелік бас қосуда аудан әкімі ауданның түрлі саласының қарқынды дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қызметкерлерді марапаттады.

Атаулы мерекеде аудан әкімінің алғыс хатына ие болғандар қатарында Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппаратының хатшысы Райса Төлегенова, «Жусандыой» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі төрағасы Тұрхан Оспанов, «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Нұрдәулет Сәленов, «ZhasPorject» жобасының жеңімпазы Мұхит Өтемісов, «АА» тігін ательесінің негізін қалаушы Ақбөбек Ғатауовалар бар.

qaratobe prez (2)

Марапаттау салтанатынан соң жиын аудандық мәдени-демалыс орталығы қызметкерлерінің мерекелік концертіне ұласты.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале