3.12.2019, 14:54
Оқылды: 101

Тұңғыш Президент күніне арналған турнир

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күніне орай М-С.Бабажанов атындағы мектепте ардагерлер арасында волейболдан дәстүрлі аудандық турнир өтті.

voleibol

Айтулы күнгі салтанат гимнмен басталып, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен еңбек ардагері Тілеген Арыстанбеков сөз алып, игі тілектерін білдірді.

Сайыс алдында Мұратсай ауылының әкімі Жалғас Ташуовқа "Nur Otan" партиясының "Үздік бастауыш ұйымы" республикалық байқаудың аудандық кезеңінде І орын алған үшін алғы схат пен сыйлық табысталды.

Оған қоса "Nur Otan" партиясының сындырлы саясаты мен партияның игі бастамаларын жүзеге асыруда, партияның ел арасындағы абырой-беделін арттырып, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізуде белсендік танытқан үшін Жігер Омаров, Жұлдыз Салимова, Еркебұлан Бисенғалиев алғыс хатпен марапатталып, сый-сыяпатқа ие болды.

Жалпы волейбол турниріне аудан әкімдігі, Мұратсай ауылы, Сайқын ауылының командасы, М.Мәметова атындағы мектеп, М-С.Бабажанов мектеп командалары қатысты.

Сайыс қорытындысында М.Мәметова атындағы мектептің командасы І-орынды иеленді. Айта кетейік, турнир жетінші рет ұйымдастырылса, жеті жыл қатарынан кубок иесі М.Мәметова атындағы мектеп атанған. Сайқын құрама командасы аудан әкімдігі командасымен жүлделі ІІ және ІІІ орынды өзара бөлісті.

Жүлделі орын иелеріне шағын тоңазытқыш, электр пеші және мультиварка тарту етілді.

Жүлделі орыннан бөлек үздіктер де анықталды. Жақсылық Байбеков "Үздік шабуылушы", Руслан Хасенов "Үздік қорғаушы", ал Мәди Бижанов "Үздік ойыншы" атанды.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале