24.01.2020, 11:19
Оқылды: 78

«Тұңғыш Президент жолымен» эстафетасы Жәнібек ауданында

Бөкей Ордасы ауданы «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын Жәнібекке салтанатты түрде табыс етті.

janibek 25 (4)

Жиын басталмас бұрын орталық алаңдағы Ғұмар Қараш ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

janibek 25 (2)

Эстафетаны тапсыру рәсімі бір мезетте бес диалогтық алаңда өтіп, облыстан келген этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері Елбасының орны, елдің дамуына қосқан үлесі және облыстық ассамблеяның жұмысындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

janibek 25 (3)

Аудандық әкімдікте өткен бірінші диалогтық алаңда Қазақстан халқы Ассамблеясының БҚО бойынша төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов «ҚР Тұңғыш Президенті мен БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Ассамблеяның жұмысына қосқан үлесі мен бүгінгі таңда қол жеткен нәтижелері туралы» айтты. Жиында алғаш сөз алған аудан әкімі Азамат Сафималиев аталмыш экспедицияның маңызына тоқталды. Өз кезегінде Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов екі ауданның тарихы бірдей, тағдырлас екенін баса көрсетті. Сондай-ақ Бөкей Ордасындағы Ассамблея ұйымының жұмысымен, алдағы жоспарларымен бөлісті.

janibek 25 (5)

Маңызды жиындардан соң аудандық мәдениет үйінде Бөкей Ордасы ауданының көрмесі тамашаланып, бөкейлік өнерпаздардың мерекелік концерті өтті.

janibek 25 (6)

Шара соңында Бөкей Ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиевке «Тұңғыш Президент жолымен» Халық экспедициясы эстафетасын табыстады.

Ә.Қуанғалиева

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале