10.04.2017, 12:30
Оқылды: 26

Тұрғындар денсаулығы тексерілді

Terekti tyrgindar riza boldi  Теректі ауданы орталығындағы «Димар» сауда орталығында Халықаралық денсаулық күні аясында аудандық орталықтандырылған аурухананың салауатты өмір салтын ұстану бойынша дәрігері Күнсұлу Кабулова мен Федоров ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі маманы Қорлан Саламатованың ұйымдастыруымен денсаулық науқаны өтті.


  Шараға денсаулық сақтау саласының әлеуметтік қызметкерлері - Ирина Сатаева мен Әсемгүл Успанова қатысып, тұрғындардың қан қысымын өлшесе, Қорлан Қалқаманқызы сауда орталығы қызметкерлерін акцияға атсалысуға шақырып, түрлі брошюралар таратты.

  Содан соң ұйымдастырушылар қазақ және орыс мектептерінің 9 сынып оқушыларымен кездесіп, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде лекция оқыды.

  Аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жүзеге асқан шара жалғасын табады деген сенімдеміз.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале