17.04.2017, 10:11
Оқылды: 20

Тұрғындар мәселесіне жіті көңіл бөлінбек

«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Асхат Шахаров кезекті қоғамдық қабылдау өткізді.

Аудандық филиал төрағасының қабылдауында болған Сулыкөл ауылдық округіне қарасты Үшана, Аққозы, Ақтайсай ауылдары мен Қаратөбе ауылдық округтерінен келген тұрғындар  несие алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу және тұрақты жұмысқа орналасу мәселелерін сөз етті.

«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы Асхат Берлешұлы көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале