28.02.2020, 15:12
Оқылды: 89

Туризм орталығындағы «Ашық есік» күні

Қаратөбе аудандық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы «Ашық есік» күнін өткізді. Оған мектеп директорлары мен қосымша білім беру орталықтарының басшылары қатысты. 

turizm (1)

Алғашқы кезекте орталық директоры Берік Нұрекешов барша қатысушыларға қош келдіңіз айтса, директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасыры Ізбек Садуақас орталықта ұйымдастырылатын түрлі шаралар мен жарыстар, үйірме жұмыстары туралы әңгімеледі. Одан әрі қосымша білім беру педагогтары Н.Қайырлиева «Спорт лобиринт: логика және спорт» және М.Ғайнуллин «Экологиялық тәжірибелік алаң» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, өлкетану қызметі бойынша ұйымдастырушы педагог Ә.Әбуталина біраз жайларды айтты. Келесі «Laifhaki /туристік лайфхак/» бөлімінде қосымша білім беру педагогы С.Жақсылықова далалық жерде тұрмыстық заттар болмаған жағдайда тығырықтан шығу жолдарын көрсетсе, орталық әдіскері А.Сары меймандарды өздерінде жасақталған көрмемен таныстырды.

turizm (3)

«Ашық есік» шарасының соңғы бөлімінде қатысушы қонақтар «Timbilding /тимбилдинг/» ойындарын ойнады. Кейін ортаға алау жағылып, үйірме оқушылары Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін гитарамен орындады.

turizm (5)

 .Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале