22.05.2020, 15:06
Оқылды: 174

Тыл ардагерін мерейтойымен құттықтады

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов Ақжайық ауылының тұрғыны, тыл ардагері Балтабай Жиренов ақсақалды 90 жасымен құттықтады.

B28841A8-21E4-490A-AB6E-4F1585852D06

Балтабай Жиренов – 1930 жылы 22 мамырда Теректі ауданы, Социализм ауылында дүниеге келген. 12 жасынан еңбекке араласып, мал баққан әкесіне қолғабыс етіпті. Солтүстік Сахалинде әскери борышын өтеп, елге келіп зейнетке шыққанша еңбектен қол үзбеген.

EC6B5D0A-C4E6-407F-A191-AD331C8B47E4

Тоғыз баланың әкесі, 7 немере мен 5 шөберенің атасы Балтабай қартқа аудан басшысы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің құттықтауын жеткізіп, иығына шапан жапты.

Қазыналы қартты құттықтаушылардың қатарында Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов және Ақжайық ауылдық округі әкімі Болат Қадралиев болды.

 Әділет Орынбасар

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале