4.05.2017, 16:35
Оқылды: 82

Тыл ардагерлерін құрметтеді

Terekti til ardagerin kyrmettedi   Жеңіс күні қарсаңында Достық үйі қызметкерлері арнайы тыл еңбеккерлері үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, дастархан жайды.

   Алғашқы сөз кезегін алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлім Қоқашев 72 жыл бұрынғы халықтың жай-күйін, мұң-мұқтажын айтып, осы күнге аман-есен жеткен жерлестерін атаулы датамен құттықтады.


   Балалық шағынан сыр шертіп, қазіргі заман бүлдіршіндерінің өміріне қызыға да қызғана қарайтынын жасырмады. Сонымен қатар алдағы уақытта атқарар жұмыс жоспарымен де таныстырып өтті.

   Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов та жиынға қатысушыларға ақ тілегін арнап, елімізде болғалы жатқан елеулі оқиға – «ЭКСПО-2017» көрмесі жөнінде мәлімдеді.

  • Бейбіт күнде уайым-қайғысыз ғұмыр кешуіміз сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін от кешкен сіздердің арқаларыңызда. Біз бұл ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздер әрқашан да үлкен құрметке лайықсыздар! Сондықтан да жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырып, жас ұрпаққа атқарған еңбектеріңізді ұлықтаймыз. Олардың да нағыз патриот болуын қалаймыз. Осы керемет отырысты пайдаланып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, бала-шаға қызығын көруді тілеймін, - деді Алтай Серғазыұлы.

   Шара барысында қонақтар естеліктерімен бөлісіп, Достық үйі қызметкерлерімен қосыла ән шырқап, арқа-жарқа болды.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале