31.01.2017, 11:35
Оқылды: 44

Уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау 14 наурызда басталады

Tirkelu  Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу туралы заң 7 қаңтардан бастап күшіне енгені белгілі. Қазақстан аумағында уақытша тұруға келген адам сол жерде міндетті түрде тіркелуі тиіс. Мұны орындамағандар айыппұл төлейді.


  Уақытша тіркелуге үй иесінің келісімі мен жеке куәлігі, тіркелушінің жеке куәлігі, тіркелу үшін 227 теңге төлегені туралы түбіртегі қажет. Сондай-ақ тіркелетін үйдің иесінің өзі немесе нотариус куәландырған сенімхаты керек. Электронды үкімет арқылы да тіркелуге болады. Ал, тұрақты тіркеудегі жерінен шығу міндетті емес. Пәтерде әр тіркелушінің кемінде 15 шаршы метр тұрғын жері болуға тиіс.

  Заң  бұзылған жағдайда айыппұл салынады. Мысалы, уақытша тұрған жерінде бір айдан аса тіркеусіз жүргенге 7 АЕК, яғни 15883 теңге айыппұл төлеттіріледі. Екінші тексеру кезінде заңбұзушылық анықталса, айыппұл 13 АЕК, яғни 29500 теңге болады. Пәтершілерді тіркеуге қоймаған  пәтер иелері 10 АЕК, яғни 22600 теңге айыпұл төлейді. Олар жеке тұлға емес шағын кәсіпкерлер болса, айыппұл көлемі 15 АЕК (34000 теңге), ал ірі кәсіпкерлік субъектілері 50 АЕК көлемінде (113500 теңге) салынады. Әрине, әзірге бұл іс қолға алынбағанымен, уақытша тіркеусіз азаматтарды анықтау ісі осы жылдың 14 наурызында басталады.

  Бізде ауданның оңтүстік аймағы бойынша уақытша тіркеуде тұрған 12 адам бар.  Осы күндері біздің жақта қаладан келіп жұмыс істеп жүргендер  де жоқ емес. Олар демалыс  күндері ғана қалаға кеткенмен, апта бойы ауыл-селода жұмыс істейді. Сондықтан, олар біздің көші-қон полициясы бөліміне тіркелуге тиіс.

Динара Ахметқалиева,

Ақжайық полиция бөлімі көші-қон тобының аға инспекторы,

полиция майоры

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале