15.06.2017, 11:01
Оқылды: 79

Ұлағат ұясындағы мектеп бітіру кеші

Karatobe mektep bitiru   Маусымның 14-і күні Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлектері үшін ерекше күн болды. Облыс бойынша алдыңғы қатардағы білім ошағы боп танылған Қаратөбе мектеп-гимназиясы биылғы 2016-2017 оқу жылында да білім сапасы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізді.


   Мектептің 34 түлегінің бесеуі «Алтын белгі», біреуі «Үздік аттестат» иегері атанды. Мектептегі «Жұлдызды түлек» атты аттестат беру шарасында аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиев мектеп түлектеріне сәттілік тілеп, «Алтын белгі» иегерлері Гүлімбибі Қайырлиеваны, Гүлжазира Қалдыбаеваны, Құндыз Орынғалиеваны, Аружан Сайкомованы, Гүлназ Шакиеваны және «Үздік аттестат» иегері Хамидолла Әнелді білім белесіндегі жетістіктерімен құттықтап, «Алтын белгі» иегерлеріне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатын табыстады.

   Салтанатты жиында ата-аналар атынан аудан ақсақалы Орынғали Ермекқалиев, мектеп түлектері атынан «Алтын белгі» иегері Гүлімбибі Қайырлиева сөз сөйлеп, мектеп түлектері мен ұстаздар қауымына ақ жарма тілектері мен алғыстарын айтты. Енді мектеп түлектерінің барлығы ҰБТ сынағынан өтпек.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале