13.05.2019, 16:38
Оқылды: 34

Үлкен Шаған-Переметное-Вечный бағытындағы жол құрылысы биыл аяқталады

Күзде Үлкен Шаған-Переметное-Вечный бағытындағы жолдың құрылысы аяқталады.

1

Күре жол бірнеше елді мекенді байланыстырып, қос ауданды жалғайды. Әрі Атырау мен Саратов облыстарына барар жолды әлдеқайда қысқартып, Оралдағы транспорт жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Бәйтерек ауданына іс-сапармен келген облыс әкімі Алтай Көлгінов құрылыс барысын қадағалады. Жол бірнеше ауылдардың үстімен өтіп, Бәйтерек және Ақжайық аудандарын қосады. Қазір құрылысшылар жұмыстың 65 пайызын орындады. Жоба шеңберінде жол бойына 43 су өткізу құбыры орнатылған.

Құрылысы былтыр басталған Үлкен Шаған-Переметное-Вечный бағытындағы жол биыл толықтай тапсырылады.

Жолдың жалпы ұзындығы 32 шақырымды. Жобаға 6,3 млрд теңге қаражат бөлінген.

Құрылысқа пайдаланылған материалдар – отандық өнімдер. Айналмалы жол енді облыс орталығындағы транспорт жүктемесіне де оң септігін тигізеді. Яғни Атырау мен Саратовқа бағыт алған жүк көліктері Оралға кірмей-ақ тікелей қатынай алады.

Ертай Бимұханов,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале