26.10.2020, 16:13
Оқылды: 47

Үлкенге де, кішіге де ұнаған bibliofresh

Бәйтерек аудандық балалар кітапханасы аудан орталығындағы «Мұнайшы» шағын ауданы мен Гагарин көшесінде орналасқан балалар ойын алаңында «Сіздер үшін ең жаңасы!» атты bibliofresh шарасын ұйымдастырды.

36CA3A3E-438C-4309-A433-E29196FE300AАуыл бүлдіршіндерін кітап оқуға баулу және ата-ана мен баланы бірлесе кітап оқуға үндеу мақсатында ұйымдастырылған библиофреште балаларға арналған су жаңа кітаптар топтамасы таныстырылды. Ашық аспан астында қойылған көрмеде балалар мен ата-аналар «Саяхатшы Дара» сериясындағы «Дара мен алаяқ түлкі» – дүрбісі, «Сауық кеші» - музыкалық ойнатқышы, «Кинотеатр»- бейнепроектор cияқты кітапты жаңа қырынан таныта түсетін көмекші құралдар жиынтығы арқылы ғажайып оқиғалардың куәсі болды.

3962465D-0F79-4B3F-9A41-2D4D153BB81E

Көрмеге қойылған «Astana», «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар», «Любимые животные и птицы в странах мира», «Анатомия» атты виртуалды кітаптар бүлдіршіндерге ерекше ұнады. Сондай-ақ шараға келген әр бала мен ата-анаға виртуалды кітаптағы мәліметтерді электронды құрылғыларына Big Dream, Smart Astana VR book қосымшаларын жүктеу арқылы да алуға болатыны түсіндірілді. Сонымен қатар көпшілік аталған қосымшалар арқылы оқулықтардың 3D, 4D анимациясын көруге де мүмкіндік бар екенін білді.

Бұдан бөлек көрмеде мектепке дейінгі балақайлар мен ата-аналарға қазақ әліпбиінің латын графикасына негізделген нұсқасы мен ағылшын әліпбиін үйренуге таптырмас көмекші құрал болатын «Alippe», «ALPHABET» кітаптары да таныстырылды.

Шара соңында бүлдіршіндер көрмеден алған керемет әсерлерімен бөліссе, ата-аналары аталған кітаптарды балаларымен бірге оқуға ниетті екендерін жеткізді.

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

 zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале