21.10.2020, 15:18
Оқылды: 73

Ұлпан «Халық алғысына» ие болды

Бөкей ордасы ауданына қарасты Бөрлі ауылының түлегі Ұлпан Шапенова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды.

2559E78E-2655-49B1-946F-C50C6A60DB83

Ұлпан маңызы зор бұл марапатқа пандемия кезіндегі ерен еңбегі үшін ие болды.

B0511FC7-AA52-4B0F-B799-11CC8C6629F7

Еңбегін Елбасымыз елеген Ұлпанымыз Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы. Қызметте білікті маман болса, жанұясында ұл мен қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана, сүйікті жар. Еңбегімен ел атын шығарған Ұлпан Серікқызына еңбегің әр кез елеулі, мерейің үстем болсын дейміз.

Ұлпан Жакина,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале