11.06.2018, 10:16
Оқылды: 49

Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының басшысы Зеленов ауданында болды

DSC_0528Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева Зеленов ауданында болып, спорт нысандарын аралады.

Алдымен өткен жылы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдаланылуға берілген аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысқан меймандар палуандардың жаттығуларын тамашалады.

Одан кейін аудан орталығындағы «Street workout»  алаңына барды.

Ол жерде бос уақытын спортқа арнаған ауыл жастарымен тілдескен соң жақында ғана ашылған «Лидер» жекеменшік футбол мектебінің жаттығу жұмыстарын тамашалап, бапкерлермен пікір алмасты.

Сапар соңында жуырда ғана ашылған балалар ойын алаңын көрген меймандар ауданда бұқаралық спортқа жете көңіл бөлінетінін ерекше ықыласпен атап өтті.

Түгелбай БИСЕН,
Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале