2.03.2017, 16:03
Оқылды: 90

Ұлттық спорт ұлықталды

Алғыс айту күніне орай Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен спорттық жарыс өтті.


Ұлттық спорт ойындары түрлерінен өткен жарысқа аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері, Қаратөбе мектеп-гимназиясының, Мұхит атындағы мектептің оқушылары қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша, қазақтың ұлттық спорт түрі арқан тартыстан І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Бүркіт» тобы, ІІІ орынды «Барыс» тобы иеленді.

Аударыспақтан І орынды «Қыран» тобы, ІІ орынды «Арлан» тобы, ІІІ орынды «Арм» командалары өзара бөлісті.

Жекелей оқушылар арасында асық атудан І орынды Ерболат Рысбаев, ІІ орынды Қарасай Дәулет, ІІІ орынды Қайыржан Мейірім еншіледі.

          

 

Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале