16.03.2017, 12:33
Оқылды: 65

Ұлттық тәрбие нақыштары

Karatobe Bauirsak pati  Көрісу күніне орай Қаратөбе өңірінде тағылымы мол шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Бауырсақ Party» шарасымен бастау алды.


  Шара барысында халқымыздың татулық пен бауырмалдыққа бастайын ерекше мереке  14 наурыз Көрісу күнінің басталу тарихымен таныстырып, бауырсақтың құрамы мен түрлерін түсіндіріп, оқушылардың мереке турасындағы ойларын кеңейте түсті.

  Шара соңында аталмыш білім ордасының шәкірттері ата-аналарына, ұстаздарына жүрекжарды ақ тілектерін арнап, «Қазақы дастарқаным» әнін хормен орындады.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале