14.02.2017, 11:46
Оқылды: 30

Тоғызқұмалақтан сынға түсті  

9kumalakШыңғырлаулық колледж студенттері арасында тоғызқұмалақтан жекелей ұлдар, қыздар арасында біріншілік өтті. «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мұрындық болуымен өткен сайыста күштілер мен ептілер анықталды.


Тартысты өткен жарыста Айжамал Рамазанова топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілсе, сәйкесінше ІІ-ІІІ орынға  Зарина Садыкова, Даметкен Қыдырбекова жайғасты. Ұлдар арасында І орынды Азамат Мулталиев иеленсе, ІІ орын Асылбек Наумовқа бұйырды. Арсен Мамбетияров болса ІІІ орынды қанағат тұтты.

Алина Шаңдатова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале